Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

Атырауда 2035 отбасына – 516,8 млн теңге төленген

  Atr.kz/22-ақпан, 2019 жыл. Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жанар Қайседенованың айтуынша, өткен жылы облыста 2035 отбасындағы 10 949 адамға жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Әлеуметтік көмек сомасы 516,8 млн. теңгені құраса,  айлық орташа мөлшері – 3933,6 теңге.

photo 272346

– Жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек 1713 адамнан тұратын 376 отбасына шартсыз, 9236 адамнан тұратын 1659 отбасына шартты түрде тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті азаматтардың үлесі 21 пайыздан астам. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасыларының коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында облыс бойынша 797 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалып, оның мөлшері 32,9 млн. теңгені құрады. Үйде тәрбиеленетін және оқитын 409 мүгедек балаға 16,8 млн. теңге материалдық көмек төленді, — дейді ол.

Басқармадан алынған мәліметке сүйенсек, ауылда тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік саланың 6270 қызметкеріне 31,3 млн. теңге мөлшерінде отын сатып алу үшін біржолғы көмек беріліп, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына жататын 25409 отбасына 952,5 млн. теңге әлеуметтік көмек көрсетілген.

Мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандардың бірі көп балалы ана – Айнаш Досқалиева. Соңғы 3-4 жылдан бері жәрдемақы  алатын ол өзінің жұмыссыз екенін айтты. «Алты баланың анасымын. Үлкенім ата-анамның қолында. Балаларым кішкентай болғандықтан, әзірге үйдемін. Жолдасымның тұрақты жұмысы болмады. Құрылыста, көтерме жұмыстарда жүретін. Тыныс алу жолына күрделі ота жасалып, күтім керек болғандықтан, табыс таба алмады. Сондықтан, ай сайын 54 000 шамасында атаулы әлеуметтік көмек алып отырмыз» дейді ол.

Иә, ешкім тағдырын болжай алмайды. Айтып келетін қатер жоқ, сондықтан, Айнаш қазіргідей сын сағатында мемлекет қамқорлығын сезінетінін айтады.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button