ЖаңалықтарЭкономика
2024 жылы Ұлттық қордан қанша бала төлем алатыны белгілі болды
Қаржы министрлігі 2024 жылы қанша балаға білім беру немесе тұрмыс жағдайын жақсарту үшін Ұлттық қордан төлем алатынын есептеді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов бастаманың негізгі идеясы келешек ұрпаққа ұлттық байлықты бөлу, ал бұл ол ересек кезеңге аяқ басқанда бастапқы капитал болады деп есептейді.
«2024 жылы алдын ала есептеулер бойынша 250 мыңнан астам жас қазақстандық оқу ақысын төлеу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін Ұлттық қордың қаражатын пайдалана алады», — деді ол.
Сурет: Pixabay.com