Жарнама
БілімБЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтар

2023 жылға дейін барлық қазақстандық мектептерде виртуалды шындық зертханаларын ашу жоспарланып отыр (+ВИДЕО)

Atr.kz/5 сәуір, 2019 жыл. 2023 жылға дейін барлық қазақстандық мектептерде «NURlab» виртуалды шындық зертханалары ашылады.

«Астана» арнасының хабарлауынша, жобаны STEAM Academia командасымен бірлескен «Болашақ» қауымдастығы ұсынып отыр. «Nur Otan» партиясы бұл идеяға қолдау білдірді.

Қазір елордада № 73-ші мектепте осы зертхана жұмыс жасап тұр. Мұнда Z space технологиясы бар аппарат орнатылған. Экрандағы суретті көру үшін оқушылар арнайы көзілдірік киеді.

Жоба авторларының айтуынша, тақтадағы дүниені визуализациялау — тақырыпты терең түсініп, білім беру мүмкіндігін кеңейтеді. 

Абуталип МУТАЛИ,

«STEM AKADEMIA» КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: 


Біз білім және ғылым министрлігіне бұл жобаны даму жоспарына қосуды ұсынамыз. «NURlab»-тың барлық мектептерде болғанын қалаймыз. Сол арқылы олар тереңірек білім алатын болады.  

«Atr — Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button