Шет елде оқу, шипажайға жолдама: Атырауда мұнай-газ университеті вакцина алған студенттерге жеңілдіктер ұсынуда

stud COVID-19: Соңғы поштадан...

«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті коронавирустық инфекциядан вакцинациялау науқанына қатысып жатыр» деп хабарлайды Atr.kz


Екпе алған университет қызметкерлері мен студенттерін ынталандыру мақсатында Түркістан қаласына 20 студент, 10 қызметкер саяхатқа жіберіледі, кәсіподақтан шипажайға екі адамға жолдама беріледі, 2021-2022 оқу жылында екпе алған студенттер арасында шәкіртақы тағайындалады .

Студенттер арасында ЖОО символикасы бейнеленген өнімдерге ұтыс ойыны өткізіледі, шетел тілін үйрену курстарына тегін қатыса алады, Студенттер үйіне орналасуға 50 % жеңілдік беріледі.


«Сонымен қатар, вакцина алған студентке мұнай-газ компанияларында өндірістік тәжірибеден өтуге, қонақ дәрісі мен түрлі тақырыптағы қызықты тренингтерге, «Болашақ» бағдарламасы түлектері өткізетін шеберлік сыныптарына, мәдени-көпшілік, спорттық шараларға қатысуға, Академиялық алмасу, ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелге оқуға баруға, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуға қолдау көрсетіледі» делінген аталған оқу орнының баспасөз-қызметі таратқан хабарламасында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз