2022 жылы: қазақстандықтар 120 күн демалады
Үкімет басшысы Асқар Мамин 2022 жылдың демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулыға қол қойды. Осыған байланысты Қазақстандықтар келер жылы қандай мерекелерде қанша күн демалатындықтары белгілі болды.
Елде қаңтардың 1 мен 2-сі күндері жаңа жылға орай ресми түрде демалыс күні саналады.
Ал 2022 жылдары бұл күндер сенбі мен жексенбіге келіп тұр. Сондықтан 3-і мен 4-і дүйсенбі мен сейсенбі де қазақстандықтар үшін демалыс болып белгіленеді.
Қазақстанда 2 діни мереке бар. 2022 жылдың 7 қаңтары рождество мерекесі жұма күніне түсіп, 7, 8, 9 қаңтар демалыс күні болады.
Халықаралық әйелдер күніне орай 6, 7, 8 күндері, ал Наурыз мейрамында 19-23 аралығында 5 күн демалыс болады.
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жексенбіге келгендіктен 2 мамыр да демалыс күні саналады. Ал 7 мамыр Отан қорғаушылары күнімен 9 мамыр Жеңіс күніне орай 4 күн демалыс болады.
Құрбан айттың бірінші күні 20 шілде сәрсенбі күндері де демалыс болып саналады.
Конституция күні 30 тамыз келесі жылы сейсенбіге тура келеді. Сондықтан 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылды.
Ал 1 желтоқсанда тұңғыш президенті күні бейсенбіде демалыс. Сондай-ақ Тәуелсіздік күніне орай 16-нан 19-ына дейін демалыс болады.
Сонымен 2022 жылы 245 жұмыс күні мен 120 демалыс күні болады. Көптеген мерекелік демалыс 3-4 күнге созылады.
Qamshy.kz