Жарнама
Жаңалықтар

2022 жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төленетін төлемдер қалай өзгереді?

«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТЖ мен АЕК-тің артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгереді» — деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалы. 

Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3% — ын төлейді, бірақ 18 мың теңгеден аспайды.​Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2% — ын, бірақ 12 мың теңгеден аспайтын мөлшерде төлейтін болады. ​Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар — ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 200 теңге төлейді. 

e55baad8 dd2f 4b24 9fd4 3f6100731b2e

         Бірыңғай Жиынтық Төлем құрайды:• қала тұрғындары үшін-1 АЕК немесе 3 063 теңге;• ауыл тұрғындары үшін-0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге. 

         Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 мың теңге төлейтін болады.

         Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл 11 млн-нан астам адам. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.

73b1222c 3bd4 45d1 b4b4 f2c00173989e

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button