Жарнама
Жаңалықтар

2021 ЖЫЛДАН БАСТАП ПЛАСТИК ЫДЫСТАРДЫ ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Atr.kz/ 28 наурыз, 2019 жыл. Енді пластик ыдыстарды пайдаланбаймыз.

Өйткені, Европарламент пластиктан жасалған бір рет қолдануға арналған ыдыс-аяқтарды Еуроодақ территориясында 2021 жылдан бастап шығаруға және сатуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.

Пластик ыдыс-аяқтар, мақта таяқшалары, сусын ішуге арналған түтікшелер Еуропада қолдануға тыйым салынатын заттардың қатарына кіреді. Экологиялық тұрғыда қауіпсіз баламасы жоқ пластик заттарды, мысалы пластик стақандар мен тағам өнімдерінің қаптамалары тәрізді заттардың қолданылуын шектейді.

Айта кетейік, әлем мұхиттарындағы барлық қоқыстың 85%-ы пластиктан жасалған заттар. Ал, оның жартысынан көбі бір рет қолданылатын пластик бұйымдары екен.

Дереккөз: «Deutsche Welle»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button