Ел болашағы – жастарда

0 7 Қоғам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде ел болашағы жастардың қолында екендігіне басымдылық берді.

Президент  өз сөзінде Парламентке бірнеше ұсыныс жолдады. Соның ішінде болашақта қабылданатын заңдардың маңыздылығы айтылды. Оның қатарында «Өнеркәсіптік саясат», «Қоғамдық бақылау», «Жастар саясаты мен волонтерлік қызмет», «Омбудсмен» туралы заң жобалары бар.

Президент кешегі өткен сайлауға қатысты кейбір партиялар қажетті дауыс жинай алмай қалғанын, олардың ішінде  білікті азаматтар болғанын атап өтті. Сондай-ақ, болашақта саяси партиялар Мәжіліске өту шегін 7-ден 5-пайызға төмендету керек деген пікір білдірді. Президент өз сөзімен постсайлаулық сыни пікірлерге жауап берді деуге болады.

Ал, жастарға қатысты «Жастарды дамыту индексін» енгізу жайлы ұсыныс айтты. Бұл да БҰҰ қолдауымен 2013 жылы қабылданған халықаралық жастар дамуы индексін елімізде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, адам құқығы, бала құқығына байланысты  мәселеге назар аударылды. Демократиялық үрдістерді жалғастыру ретінде ауыл және аудан әкімдерін сайлау жөнінде айтып өтті.

Президент  баяндамасындағы «басқарылатын урбанизация» ұғымына да қазіргі елдегі ішкі миграциялық процестерді оңтайлы реттеу, халық саны  тұрғысынан ауылдық жер мен қала халқы арақатынасына талдау жасау, елді мекендерді дамыту мәселелері қаралса құба-құп. Ең бастысы, экономиканы дамытуда әлі де орындалмай келген мүмкіндіктерді оңтайлы қолдану маңызды.

Өмірбек БЕКЕЖАН,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз