2016 жылдың 5-6 маусымында Ақтөбе облысы аумағында террористердің көзін жою мақсатында терроризмге қарсы іс-қимыл жүргізілуде.
2016 жылдың 5-6 маусымында Ақтөбе облысы аумағында террористердің көзін жою мақсатында терроризмге қарсы іс-қимыл жүргізілуде.
Терроризмге қарсы республикалық жедел штабпен ҚР Президентінің 2013 жылдың 9 тамызындағы №611 Жарғысына сәйкес республика аумағында 40 тәуліктік мерзімге террористік қауіптіліктің орташа «сары» деңгейі белгіленді.
Осыған байланысты мемлекеттік органдардың жүргізіліп отырған жұмысына түсіністікпен қарап, иесіз заттарға, әсіресе техникалық құрылғылар мен сымдарға, және де қоғамдық орындар мен көліктердегі күдікті адамдарға назар аударуды сұраймыз.
Күмәнді заттарға қол сұқпаңыз.
Күмәнді заттарды, әсіресе белгісіз адамдардан тасымалдауға немесе сақтауға қабылдамаңыз.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құжат тексеру кезіндегі іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарап, оларға қолдан келгенше көмектесіңіз.
Мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарын басшылыққа алып, дүрлікпеңіз.