2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау кезеңі аяқталды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.
Қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүргізіледі.
2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталды. Ағымдағы жылдың 3 қазанында аталған банкноттардың айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін Ұлттық Банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Осы күнге дейін банкноттарды Атырау қаласында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалында айырбастауға болады.
Қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды Атырау қаласы, Уәлиханов көш., 2 а мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы кассасында айырбастауға болатынын хабарлаймыз.
Байланыс телефоны: 55-65-14.
Арайлым Асылбекқызы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары