Жаңалықтар
20 миллионыншы тұрғынның ішінде атыраулық нәресте де бар
Ұлттық статистика Бюросының мәлімдеуінше, 14 қарашада таңертең 8 сағат 10 минутта дүниеге келген бес нәресте 20 миллионыншы тұрғын болды.
Нәрестелер Ұлытау мен Жетісу өңірлерінде, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында туған. Олардың ішінде 3 ұл, 2 қыз бала бар.
1991 жылы Қазақстан халқының саны 16,4 миллион адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында ел халқының саны 22,3 пайызға өсті.
Дереккөз: t.me/tengrinews
Фото:freepik.com