
Жаңалықтар
19 сәуірде теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді
«Қазтелерадио» АҚ жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді.
Осыған байланысты 19 cәуір сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілер телерадио хабарларын таратуды уақытша тоқтатады.
Компания уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.