Жарнама
Жаңалықтар

«18 секундта» өтінім беріп үлгерген 195 адам көлік алды

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңілдікпен автокредиттеу бағдарламасының аралық қорытындысын жариялады.

Естеріңізге сала кетсек, 6 ақпанда autonesie.kz порталында 7,61 млрд теңге мөлшеріндегі револьверлік қаражатқа жеңілдікпен автокредит беретін бағдарламаға қатысушылар пулының алғашқы орындары бөлінді.

Бағдарламаға қатысушы банктер пулға қатысушылардың 5,171 млрд теңгеге 569 өтінімін мақұлдады (олардың жалпы саны – 761 адам).

Оның ішінде 195 қатысушыға 1,696 млрд теңгеге автомобиль берілді.

Қарыздың орташа мөлшері – 8,7 млн теңге. Өтінімнің қолданыс мерзімі – 60 күн. Осы мерзімде пул қатысушылары жеңілдетілген автокредитті рәсімдеуі тиіс.

Мерзім аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған қаражат бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың санын ұлғайту үшін келесі пулға бағытталады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button