ЖаңалықтарМедицинаШаһар шырайы
Жаңа жыл түнінде 758 тұрғын «жедел жәрдем» көмегіне жүгінді
Атырау қалалық жедел жәрдем бекетіне жаңажылдық мереке күндері 1500 ден астам көмек сұраған шақыртулар түскен. Шақыртулардың басым көпшілігі көше төбелесі мен пышақ жарақатынан, дене қызуының көтерілуі және көлік қақтығыстарының зардабынан болып отыр.
Атырау қалалық жедел жәрдем бекетінің кезекші бөлімі хабарлағанындай, мереке күнгі шақыртулар әдеттегіден 150 адамға көп. Мейрам күндері жедел жәрдемде 23 жасақ жұмыс жасаған. Науқастардың арасында аурухананың төсек режиміне жатқызылғандар да бар. Кеңес беретіндерге қабылдау бөлімінде көмек көрсетілді.
Нұрбейбіт Нұғыманов
ATPress.kz сайтынан