Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

17 тамызға дейін сұлулық салондары, бассейндер мен фитнес орталықтарының жұмысына тыйым салынады

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, аймақтағы карантин режимі 17 тамызға дейін ұзартылды.

— Облыстық Бас мемлекеитік санитарлық дәрігердің жаңа Қаулысына сәйкес, СПА орталықтары, жаттығу залдары, фитнес орталықтары, спорттық –сауықтыру орталықтары, бассейн, қоғамдық монша, сауна, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін, маникюр, педикюр қызметін көрсететін орталықтар мен салондар қызметіне, қалалық және қоғамдық жағажайлар, аквапарктер, демалыс орындарының қызметіне тыйым салынады, — деді облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары Жанар Досымбаева. 

Бұдан бөлек, жабық ғимараттардағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысына да тыйым салынған. Ал, азық-түлік емес дүкендердің жұмысына сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін «үйге жеткізу» қызметі бойынша рұқсат берілген. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып үй жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер қызметіне  сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етілген. 

— Қоғамдық тамақтану объектілерінің, аспаздық және кондитерлік өнімдерді дайындау және сатумен айналысатын ұсақ — бөлшек сауда объектілерінің, зоодүкендердің қызметіне де тыйым салынады. Алайда, оларға тек «үйге жеткізу» қызметі бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат берілген, — деп нақтылады Жанар Досымбаева.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button