Жарнама
Жаңалықтар

16 желтоқсаннан бастап «Атырау – Құрманғазы — Атырау» бағытында жолаушылар автобусы қатынайды

Атырау облыстық әкімдігінің тапсырмасына сәйкес Құрманғазы ауданы мен облыс орталығының арасында күн сайын 53 орындық 3 автобус жүреді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Билет құны – 2000 теңге. Балаларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

-Атырау қаласының автобекетінен автобус 07:00, 12:00, 19:00-де, ал Құрманғазы ауданы Қазақтелеком мекемесінің алдынан 06:00, 11:00, 17:00 –де қозғалады. Жолаушылар тасымалына Akzhayik Avtopark ЖШС жауапты,- деді Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Нұрбол Жампейсов.

Айта кетейік, қоғамдық көліктер Атырау қаласынан 16 желтоқсаннан, ал Құрманғазы ауданынан 17 желтоқсаннан бастап жолаушыларды тасымалдайды. Жолаушылар билетті автобекеттің кассасынан және Atyraubus.kz сайтынан сатып ала алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button