16 жастағы жасөспірім көліктің нөмірін медициналық бетпердемен жасырып жүргізген
Автокөліктің мемлекеттік нөмірін медициналық бетпердемен жасырып жүргізген 16 жастағы жасөспірім анықталды.
4 қаңтарда күні түнде патрульдік полиция қызметкерлері Владимирский-Луговой көше қиылысында мемлекеттік нөмірін медициналық бетпердемен жауып қойған маркасы “Тойота Камри» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде, аталған автокөлікті 16 жастағы жасөспірім тізгіндегені анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, іс-құжаттары шешім қабылдау үшін сотқа жолданып, автокөлік айып тұрағына қойылды.
Сондай-ақ, жасөспірімге ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 4 бөлімімен( жүргізу куәлігін оқымаған және де 1 жыл ішінде бір текті құқық бұзушылық кайталағаны үшін) әкімшілік хаттама жасақталып, 29170 теңге көлемінде айыппұл салынды. Және жасөспірімнің ата-анасына қатысты,ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2 бөлімімен (түнгі сағат 23:00 кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүргені үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.