143 елді мекен таза ауыз сумен қамтылады
Atr.kz/20-ақпан. Облыс халқын таза ауыз сумен қамтуда биыл Құрманғазы ауданы Ақкөл елді мекеніндегі су тазалау имаратын қайта жаңғырту, Дәулеткерей-Көнеу су құбырының құрылысы, Индер ауданы Кетебай, Қызылжар-Ақтан елді мекендеріндегі су құбырының құрылысы жалғасады.
Бұл жөнінде мәлімдеген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жергілікті бюджет есебінен бұдан басқа 3 нысанның құрылысы басталатынын айтты.
Олар: Асан және Үштаған елді мекендеріндегі су құбыры, Исатай ауданы Амангелді елді мекеніндегі су құбыры.
«Астрахань-Ганюшкино-Маңғышлақ» су құбырынан Орлы, Нұржау, Кадырка, Жұмекен, Ганюшкино ауылдарында орналасқан су тазарту имараттарына қосу үшін су құбырларын тарту жұмыстарын бастау жоспарлануда. «Осы ауқымды жұмыстарды атқарсақ, аймақ елді мекендерінің орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу деңгейі 87 пайызға жетеді деп көзделуде. Яғни, барлығы 143 елді мекен таза ауыз сумен қамтылады» деді Нұрлан Асқарұлы.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА. Фото Ерлан АЛТЫБАЕВ.