14 жасар жеткіншек әйел адамды зорлап, азаптап өлтірген
14-жасар жеткіншек пен оның 24 жастағы жиен ағасы әйел адамды зорлап, азаптап өлтірді деген күдікпен ұсталды. Олардың тағдыры Қостанай облыстық сотында шешілетін болады деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Іс материалдары бойынша, ағайынды жігіттер 2016 жылдың 15 қыркүйегінде көшеге шыққан. Жолай кәмелетке толмаған танысын кездестірген олар өздерінің арам ойын жеткізеді. Осылайша олар көшеден зорлау мақсатында құрбанын іздей бастаған.
Көшеде жылу құбырында ұйықтап жатқан 1963 жылғы мас әйелді көрген олар, оны үйдің жертөлесіне кіргізген.
Ортақ танысын олар жертөле терезесін күзетуге тұрғызып қойған.
Қолға түскен әйелді аяусыз тепкілеген қылмыскерлер әйелдің аяқ-қолын байлап, аузын скотчпен матап тастаған.
Әйелді зорлаған 14-жасар жеткіншек, жасаған қылмысты жасыру үшін қолына пышақ алып, әйелді бауыздап тастайды.
Ауыр жарақаттан 54 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болады.
Оның мәйітін жасырмақ болған қылмыскерлер оны матрацға орап, от қояды. Өртке оранған жертөлені өрт сөндіру қызметі келіп сөндірген.
Сот отырысы жуық арада болмақ.