
Атырау жастары арасында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының конкурсы басталды
Биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 500 000 теңгеден 10 грант берілетін болады, деп хабарлайды atr.kz
Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының он төрт жастан бастап, отыз бес жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі:

«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін электрондық нұсқада tauelsizdik.urpaqtary@mail.ru поштасы арқылы қабылданады.
Толығырақ What’sApp: 8 (702)185 7587
tauelsizdik.urpaqtary@mail.ru