13 ЖАСАР РЕКОРДШЫ
Әлем додасында 36 елден төрт жүзге жуық спортшы бағын сынады. Соның ішінде Қазақстанның намысын 46 спортшы қорғады.
Жарыс иыққа зілтемірді көтеріп отыру, жатып көтеру және тізеге дейін көтеріп тұру сынды жаттығулардан өтті.
— Эдуард 110 келіге дейінгі салмақта бақ сынасты. Ол бас қарсыласымен бірдей нәтижеге қол жеткізген еді. Алайда, Эдуардтың салмағы қарсыласынан сәл жоғары болды. Соған орай, жерлесіміз ІІ орынды алды, — дейді бапкер Александр Литвинов.
Эдуард Қабдешев үшін бұл – үшінші әлемдік чемпионат, ал, Кирилл үшін – алғашқы. Бірінші сынақтан сүрінбей өткен Кирилл 13-15 жас аралығында (52 келіге дейін) әртүрлі аталымдар бойынша әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, ауырлықты жатып көтеру бойынша 72,5 келіні бағындырып, зілтемірді тізеге дейін көтеру (145 келі) және күштік үшсайыстан әлем рекордын орнатты.
Айгүл Социалқызы.