Жарнама
Жаңалықтар

13 адамның өлімі: Жертөледе орналасқан Алматы хостелінде көбіне шетелдіктер тұрған

Алматыда өртке оранған хостелден эвакуацияланған адамдардың басым бөлігі шетел азаматтары, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, эвакуацияланған адамдардың көбі шетелдіктер.

«Хостел әкімшілігінің сөзінше, өз бетімен сыртқа шыққан адамдардың дені Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан елдерінің азаматтары. Араларында қазақстандықтар да бар. Қаза тапқандардың кім екені анықталып жатыр»,- деді ол.

Сонымен қатар департамент басшысы өртке оранған хостелдің ашылғанына бір жарым ай болғанын мәлім етті. 

«Үш қабатты ғимараттың жертөлесінен хостел ашқан. Бұл, негізі, заңға қайшы. Себебі жертөле адам тұруға арналмаған. Қанша жерден жабдықталса да»,- деді Нұрлан Атығаев.

Айта кетейік, бүгін мегаполисте хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты. Оқиға орнынан 59 адам эвакуацияланып, 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button