Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

12 отбасы бір сәтте баспанасыз қалды: Атырауда тұрғын үй өртенді

Атырауда 12 пәтерлі барақ үлгісіндегі бір қабатты тұрғын үй өртенді.

«Оқиға 22 тамызда сағат 05:18 шамасында тіркелді. Call орталығына Атырау қаласы, СМП-163, №26/2 үй мекенжайында орналасқан 12 пәтерлі барақ үлгісіндегі бір қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.


Өрт сөндіру бөлімдері шақырту орнына келген кезде, 12 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйдің ашық отпен жанып жатқаны анықталды.


Өрт салдарынан барак үлгісіндегі бір қабатты тұрғын үйдің 12 пәтері толықтай жанып кетті.
Өрт орнынан улы газбен уланған 1983 жылғы азаматша ауруханаға жеткізілді.


Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрғындарды эвакуациялады.
5 пәтер тұрғындарын (22 адам, оның ішінде 9 бала) көшіру үшін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен «КУНГ» вахтовкасы және жергілікті атқарушы органнан автобус жұмылдырылды.


Тұрғындарға Жұлдыз шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйден 5 пәтер уақытша бөлінді.
Қалған тұрғындар (19 адам, оның ішінде 8 бала) туыстарына орналастырылды.
Өрт 06 сағат 11 минутта оқшауланып, 07 сағат 02 минутта толықтой жойылды.
Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен жеке құрамнан 25 адам жұмылдырылды.
Өрттің себебі мен шығыны анықталуда» делінген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button