
Жаңалықтар
12 наурызда ауа райы қандай болады?
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, — деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы.
Синоптиктердің хабарлауынша, ертең, 12 наурызда еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын болады, оңтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын жауады. Қазақстан аймағының басым бөлігінде тұман түседі. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, дауыл болады.
Ал, Батыс Қазақстанның кей жерлеріне тұман түсіп, Атырауда күн ала бұлтты болады.