Атырауда терезеден құлаған алты баланың екеуі көз жұмды…
Бұл – Атырауда орын алған соңғы екі жылдағы көрсеткіш.
2022 жылы балалардың терезеден құлауының 2 жағдайы орын алды, оның ішінде 3 бала түрлі жарақат алды (2021 жылы – 4 жағдай, оның ішінде 3 бала жарақат алып, 2 адам қайтыс болды).
27 маусым күні сағат 22.10-да Атырау облысы Полиция департаментінің жедел кезекшісінен Нұрсая ы/а үйдің 3-ші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 ж.т.егіз қыз балалар құлап кеткендері жөнінде хабарлады. Балалар ауыр халде Атырау облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды.
Басты себеп-балаларға тұтқалар оңай ашуға болатын қорғалмаған терезелер. Москит торы тәуекелді арттырады: бала оған сүйенуге болады деп ойлайды, алайда москит торы оның салмағын көтере алмайды.
Оқиғалар хроникасына көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар түседі (80% оқиға).
Барлық құлаудың жартысы терезенің жанында тұрған жиһазбен және ересектердің немқұрайлы қарым-қатынасымен байланысты болады.
Бірнеше қарапайым ережелер:
- Балалар терезеден құлап кетуі мүмкін, егер ол 12,5 см-ден астамға ашылса.
- Барлық терезелерде 12,5 см-ден астам ашуға мүмкіндік бермейтін тақтайлар немесе қоршаулар орнату қажет. Механизмдер жабық терезе режимінде ғана емес, «желдету» режимінде де жұмыс істейді.
- Терезенің қасында балалармен йнамаңыз. Көлікті, өтіп бара жатқан және т. б. көрсету үшін оларды терезе алдына қоймаңыз.
- Терезенің жанында оңай көтерілетін жиһаз қоймаңыз және москит торына сенбеңіз.
- Жалюздің жіптерімен шынжырларілінбеуікерек: олар балаға терезеге шығуға көмектеседі.
- қылтиманы жабу керек.
- Балаларды аз уақытқа да қараусыз қалдырмаңыз.
«Атырау облысы ТЖД ТЖ алдын алу бөлімі»