Жарнама
Жаңалықтар

«109» күшейтілген режимде жұмыс жасауда

Атырау облысы әкімдігінің 109 бірыңғай байланыс орталығына 26-28 наурыз аралығында 4 915 қоңырау түссе, оның 2 114 жауын суын алуға байланысты.                      

Аталған бірыңғай  орталықтың басшысы  Ақмарал Батырханованың айтуынша,  тұрғындар тарапынан түскен өтінімдердің барлығын жедел орындау үшін жауапты мекеме «Арнаулыавтобаза» ЖШС-на  жолданған.

–Атқарылған жұмыстарды әлеуметтік желіде жариялап отырмыз. Қазіргі уақытта 10 оператор, 2 диспетчер және әлеуметтік желіден түскен хабарламаларға мониторнг жүргізу үшін 2 онлайн оператор қызмет етуде. Орталық күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Тұрғындар тарапынан көптеп қоңыраулар түсуіне байланысты кей уақыттарда күту режимі 2 минуттан 4-5 минутқа дейін ұзарып отыр. Алайда 109 колл орталыққа өтінім берудің басқа да альтернативті тәсілдері барын қаперге береміз. Барлық коммуникация каналдары арқылы түскен өтінімдердің  барлығы тіркелуде, — деді ол.

Ақмарал Нетжанқызының  айтуынша, қазіргі уақытта басымдық алыдмен суға кету қаупі туындаған жеке тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысан маңайлары және көшелерге беріліп отыр.

Айта кетейік, облыс тұрғындары жаңбыр суынан туындаған қолайсыздықтарға бойынша өтінімдерін тәулік бойына үзіліссіз, демалыссыз қызмет ететін 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қалдыра алады.

Әрбір тұрғын бірыңғай байланыс орталығына төмендегідей коммуникация құралдарын қолдана отырып, ыңғайлы тәсілмен өтінім бере алады.

  •  1-0-9 қысқа номеріне қоңырау шалу;
  • www.atyrau.gov.kz  сайтында орналасқан виджет;
  • Atyrau109 Telegram-bot; (https://t.me/atyrau_109_user_bot)
  •  KOMEK109 мобильді қосымшасы;
  •  https://atyrau.komek109.kz/ порталы;
  •  Instagram (atyrau_109)және Facebook (Бірыңғай Байланыс Орталығы Атырау) әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button