1083 адам босатылды

201027162612001a3711422i Жаңалықтар

Алаңдағы бейбіт шеруге қатысып, ұсталып, бірақ ешқандай айыбы жоқ 1083 адам босатылды.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің ауырлататын мән-жай болмағанда жазаны жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес біраз жұмыс атқарылды. Жалпы сотта Қаңтар оқиғасына қатысты 9213 әкімшілік іс қаралды. Сот шешіміне сәйкес шын өкінген және мән-жайдың жеңілдігін ескере отырып 4561 тұлғаға ескерту жасалды. Сонымен қатар прокурорлардың өтініш-хатының негізінде 1083 адам қамаудан босатылып, 490 айыппұл жазасы ескертуге ауыстырылды. Одан бөлек 386 әкімшілік іс құқықбұзушылық құрамның болмауына байланысты тоқтатылды», – деді Елдос Қилымжанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Прокуратура өкілінің айтуынша, жаппай ереуілге қатысты әр іс жіті қаралып жатыр.

«Қазіргі уақытта 362 адам әкімшілік қамауға алынып, 1245 тұлғаға айыппұл салынды. Сол сияқты прокурорлардың әкімшілік жазаны жеңілдету туралы 298 өтініш-хаты сотта қаралуда. Осыған ұқсас жұмыстарды, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша жүргіземіз», – дейді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз