108 ЖАС ОТБАСЫ – ЖАҢА ПӘТЕРДЕ!

Жаңалықтар

– Президентіміз Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау үшін биылғы жартыжылдықта облыс көлемінде 318 пәтерлік бес үй тапсырылды. Биыл «Жас отау» бағдарламасы бойынша 90 пәтерлік үй және жас отбасылар мен балалар үйінде тәрбиеленген жастарға арналып салынып жатқан 240 пәтерлік үй жыл аяғына дейін тапсырылуға тиіс. Жалпы облыста жыл соңына дейін екі мыңға жуық пәтер беріледі деп күтілуде. Мұндай үрдіс өңірде әрі қарай жалғасын табатын болады. Мұның барлығы – Елбасы тапсырмасының және жергілікті атқарушы органдардың жүйелі жұмысының жүзеге асып жатқандығының бірден-бір көрінісі, – деді облыс басшысы Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов қуаныш иелерін құттықтап.

Құрылыс жұмыстарын жүргізген – «ӘлемЦентрСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Пәтер бөлмелері кең, жарық әрі ыңғайлы. Барлық инфрақұрылымдық жүйелер жүргізілген. Иелеріне есігін айқара ашқан 108 пәтердің 18-і – бір бөлмелі, 18-і – үш бөлмелі болса, қалғаны – екі бөлмелі баспаналар.

Қазіргі таңда пәтер жалдап жүрген жас отбасылар тек Атырауда ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінде жетіп артылады. Пәтердің айлық төлемі мен отбасының күнкөрісін әрең қамтып жүрген Санжар Шахманов та осы уақытқа дейін бес жыл бойы отбасымен бірге баспана жалдап келген. Кеше жеке пәтерінің кілтін қолына алғанда оның қуанышында шек болмады.

– Жұбайым Дана Қарамулдина – жұмыссыз. Екі бала тәрбиелеп отырмыз. 2012 жылы құжаттарымызды жинақтап, пәтер кезегіне тұрып, жыл жарым уақыттың ішінде пәтер кілтін алып отырмыз. Елімізде, соның ішінде облысымызда жастарға үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Бүгін, міне, осы қамқорлықтың куәсі болып отырмыз. Мемлекет және аймақ басшыларына алғысымыз шексіз, – дейді ол.

Ал, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы Венера Әділова мен жолдасы Дәурен Кәрімов екі баласымен бірге бес жыл бойы аталған оқу орнының жатақханасында қоныстанып келген. Студенттерге лайықталып салынған жатақханада түгелдей бір отбасы тұруға өте қолайсыз еді. Алайда, жас отбасының үміті алға жетелеп, жақсылыққа сенді. Нәтижесінде, көптен күткен қуанышқа қол жеткізді.

Сол сияқты, баспаналы болған жаңа қоныс иелерінің қатарында мемлекеттік қызметкер Жақсылық Жанұзақов пен облыстық ішкі істер департаментінің аға инспекторы Нұргүл Мұханғалиева да бар.

Сондай-ақ, жиында «Тұрғын үй және Қазақстан құрылысы жинақ банкі» АҚ Басқарушы директоры Ерұлан Жамаубаев жаңа пәтер иелерін құттықтап, халықты тұрғын үймен қамту мақсатында аталған банк жергілікті әкімдікпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап отырғандығын айтты.

– Аймақта ірі жобалар жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары ашылып, өндірістер іске қосылуда. Биыл жалпы құны 15 миллиард теңгеден асатын сегіз инновациялық жоба жүзеге асқалы тұр. Облыста бүгінгі күні 1 триллион 600 миллиард теңге тұратын 44 жоба іске қосылуда. Тек соңғы екі жылдың ішінде машина жасау бағытында, фармацевтика өнімдерін шығару, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, құрылыс және тағы басқа бағыттарда үлкен жұмыстар жүріп жатыр. Осы шаралардың барлығы – жастарға заман талабына сай үлкен өндіріс орындарында қызмет етуге жол ашатын мүмкіндік, – деді облыс әкімі. Бұдан кейін аймақ басшысы Гүлфайруз Әбсаттарова, Николай Ветренко және Марат Ерниязовқа пәтер кілттерін тарту етіп, жаңа қоныстарын аралап, құтты болсын айтты. Сондай-ақ, оларға тоңазытқыш және теледидар сынды бағалы тауарларды сыйға тартты.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған