ШҰҒЫЛ: Эпидемиологиялық ахуалға орай ЖАҢА ҚАУЛЫ шықты
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік шекарасындағы өткізу
пункттерінде коронавирус
инфекциясы ауруының алдын алу
жөніндегі шараларды одан әрі
күшейту туралы…
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус
инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында,
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38-бабы 1-
тармағының 7) тармақшасына, 104-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының
әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Орталық
мемлекеттік органдар, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті:
1) Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін
адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз
етсін:
оларды ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
шекарасын кесіп өткен кезде 72 сағаттан ерте емес уақытта алынған ПТР
әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама (қазақ немесе орыс
немесе ағылшын тілінде) (бұдан әрі – Анықтама) болған жағдайда 5 жасқа
дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын;
авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, барлық келген адамдар COVID-19-
ға қарсы вакцинацияның толық курсының болуына қарамастан, Анықтама
ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар
экипаждарын қоспағанда, шетелден Қазақстан Республикасына халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы
қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
Халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан
шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады;
2) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігімен және
автоөтпе жолдарымен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай
тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:
оларды ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік
шекарасын кесіп өткен кезде 72 сағаттан ерте емес уақытта алынған ПТР
әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама (қазақ немесе орыс
немесе ағылшын тілінде) (бұдан әрі – Анықтама) болған жағдайда 5 жасқа
дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын;
авиакомпаниялар экипаждарын, локомотив бригадаларының мүшелерін;
теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты
адамдарды қоспағанда, барлық келген адамдар COVID-19-ға қарсы
вакцинацияның толық курсының болуына қарамастан, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде Анықтама ұсынуға
міндетті;
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив
бригадаларының мүшелерін; теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен
байланысты адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен
теміржол, теңіз, өзен көлігімен және автоөтпе жолдарымен келетін адамдарға
қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі; - Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының
әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:
1) шетелден Анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының
азаматтарын карантиндік стационарға дейін тасымалдауды;
2) келген адамдарды ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-
қарау нәтижелері алынған күні карантиндік стационардан шығаруды
қамтамасыз етсін. - Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, аумақтық
департаменттері, мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық
бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
автомобиль өткізу пункттерінде:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық
өткізу пункттерінен шетелден келетін барлық адамдарға міндетті түрде
термометрия жүргізе отырып, санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат
ішінде деректерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Веб-қосымшасына бере отырып, оларды сауалнамаларды тану жүйесімен
өңдеуді;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу
пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттердің мамандарын тәулік
бойғы жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен және
дезинфекциялау құралдарымен жарақтандыруды;
4) көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар мен жолаушылар
арасында COVID-19-дың профилактикасы және таралуының алдын алу
бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
5) COVID-19 таралуының алдын алу бойынша көрнекі үгіт
құралдарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ COVID-19-дың
профилактикасы мәселелері бойынша дауыс зорайтқыш байланысы арқылы
жолаушыларды ақпараттандыруды;
6) шетелден келетін барлық азаматтарға COVID-19-дың әкеліну және
әлемде таралу қаупі жағдайларында оның профилактикасы мәселелері бойынша
жадынамалар таратуды;
7) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша бұқаралық
ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында санитариялық-ағарту
жұмысын жүргізуді;
8) Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне
COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша нұсқама жүргізуді
қамтамасыз етсін.
- Сыртқы істер, ақпарат және қоғамдық даму, индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрліктері ҚР аумағына кіретін адамдарға
электрондық сауалнамадан өту қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру
жұмысын жүргізсін. - Индустрия және инфрақұрылымдық даму, цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері, облыстардың,
Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері
Мемлекеттік шекарадағы әуежайлар мен өткізу пункттерінде техникалық
жарақтандыруды, сүйемелдеуді және үшінші буыннан төмен емес мобильді
деректер (3G) барынша аз берілетін, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз
етсін. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан
Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді осы
қаулымен таныстырсын. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
«Қазақстан Республикасының туроператорлар қауымдастығы» заңды
тұлғалар бірлестігімен бірлесіп:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде демалысын
ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасына COVID-19-дың әкелінуінің
алдын алу жөнінде қосымша шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасына шетелден келетін адамдарға қойылатын
талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар етсін. - Авиакомпаниялар басшылары:
1) оларды ертіп жүретін адамдарда Анықтама болған жағдайда 5 жасқа
дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын;
авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның
толық курсының болуына қарамастан, Анықтама ұсынбаған жолаушыларды әуе
кемесінің бортына отырғызуға жібермеуді;
2) ұшу кезінде жолаушылар мен экипажға сауалнама жүргізуді, оның
ішінде толық толтырылғанын тексеруді, толық толтырылмаған жағдайларда
қосымша сауалнама жүргізуді;
3) толтырылған сауалнамаларды, манифестті және әуе кемесінің бас
декларациясын ұшып келетін әуежайдағы санитариялық-карантиндік пункттің
маманына тез арада беруді;
4) тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және одан түсіру кезінде
жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска
режимін сақтауды;
5) әуе кемесінің бортында жеке қорғаныш құралдарының (маскалар,
қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының
болуын;
6) ұшу кезінде әуе кемесінің салонында жолаушылардың қозғалысын,
сондай-ақ дәретхананың жанында жиналуын шектеуді;
7) уақтылы ауыстыру шартымен (әр 2 сағат сайын), жеке қорғаныш
құралдары (медициналық маскалар, қолғаптар) бар болған жағдайда, сондай-ақ
вакцинация паспорты немесе (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар
немесе COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарды соңғы
3 айда қоспағанда)
вакцинацияланбаған қызметкерлерде міндетті ПТР тестілеу (7 күнде 1 рет)
болған жағдайда қызметкерлерді жұмысқа жіберуді; 8) дене температурасын өлшей отырып, қызметкерлерді ауысым - алдындағы (ұшу алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өткізуді;
- 9) тұрақты халықаралық әуе қатынастарын қалпына келтіру алдында әуе
- кемелеріндегі ауа баптау, желдету жүйелеріне ревизия жүргізуді және сүзгілерді
- ауыстыруды қамтамасыз етсін.
- Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің басшысы:
1) ұшып келу аймағында халықаралық жолаушылар авиарейстерімен
келетін барлық адамдарға байланыссыз термометрия жүргізуді;
2) дене температурасы жоғары адамдар немесе ауру симптомдары (жөтел,
ентігу, тыныс алудың қиындауы) бар адамдар анықталған жағдайда ықтимал
жұқтыруға жол бермеу бойынша шараларды сақтай отырып, жолаушыны
әуежай изоляторына жіберуді;
3) рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде деректерді Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына бере
отырып, оларды сауалнамаларды тану жүйесімен өңдеуді;
4) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық
департаменттеріне Анықтамасыз халықаралық авиарейстермен келген
жолаушылар жөнінде ақпарат жіберуді қамтамасыз етсін. - «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:
1) шетелден Анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының
азаматтарын ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауды;
2) 2 тәуліктен аспайтын мерзімде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық
зерттеп-қарау нәтижесін беруді қамтамасыз етсін. - Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент
қалаларының халықаралық әуежайларының басшылары:
1) әрбір рейстен кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық
дезинфекциялауды;
2) тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және одан түсіру кезінде
жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска
режимін сақтауды;
3) тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және
отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын
ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;
4) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына сәйкес әуежайлар жұмысының
алгоритмін сақтауды қамтамасыз етсін. - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу
пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі
шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 және
«Коронавирустық инфекцияның «омикрон» штамының Қазақстан
Республикасына әкелінуінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы»
2021 жылғы 30 қарашадағы № 51 қаулыларының күші жойылды деп танылсын. - Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы 2022 жылғы 17 қаңтар сағат 00-де күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері Е. Қиясов