Қазақстанда базарлар жабылуы мүмкін бе?

whatsapp image 2020 08 17 at 17.29.35 750x563 2 Жаңалықтар

Atr.kz/3 қыркүйек, 2020 жыл. Санитар дарiгерлер қойған талап сақталмаса «Дина» базары жабылу мүмкін.

Бұл жөнінде Атырау қалалық әкiмдiгiнiң баспасөз қызметі хабарлайды. Айта кету керек, базар басшылығы Атырау облысының санитар дәрiгерi бұған дейiн атап көрсеткен кемшiлiктердi толық жоймаған.

Бұл шара ең алдымен базар қызметкерлерi мен оған келушi тұрғындар үшiн эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған. 2020 жылдың 28 тамызы мен 1 қыркүйек күндерi мобильдiк топпен өткiзiлген тексерулерге қала әкiмдiгi, санитар дәрiгерлер, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен Атырау қалалық кәсiпкерлiк және ауылшаруашылығы бөлiмiнiң мамандары қатысты.

Мониторинг барысында базар аумағындағы ауа желдету желiлерi 8 блокта жеткiлiктi деңгейде жұмыс жасамай тұрғаны анықталды.

Сауда орталығының басшылығына бұған дейiн де кемшiлiктердi түзету қажеттiлiгi жайында ескертiлген болатын. Мониторинг жұмыстарының келесi сатысында талап орындалмаса жауапты тұлғаларға шара қолдану, жекелеген нысандар қызметін шектеу көзделіп отыр.

Санитар дарiгер берген ескертпелер орындалмаса базар қызметін тоқтату әбден мүмкін.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз