
ЖаңалықтарҚоғам
100-ге жуық атыраулық қару сақтау ережесін бұзған
«Атырауда полицейлер қаруды сақтау, тіркеу ережелерін бұзған 100-ге жуық азаматты анықтады» деп хабарлайды Atr.kz
Атырау облысы аумағында 4-8 ақпан аралығында «Қару» жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасы өтті. Тек үш күн ішінде 2000-нан астам қару иелері тексерілді.
«100-ге жуық тұрғынның қару сақтау, тіркеу, тасымалдау ережелерін бұзу фактілері анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қарулар тәркіленді. Тіркелмеген бес қару анықталып, заңсыз айналымдағы қару-жараққа балистикалық сараптама тағайындалды» делінген Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.
