Жарнама
Жаңалықтар

10 ЖЫЛДА – 215 МЛРД. ДОЛЛАР

 

«Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, 2005 және 2015 жылдар ішінде Қазақстан 215 млрд. доллар тікелей шетел инвестициясын тартқан. Олардың ішінде 17 млрд. доллар өңдеуші салаға бөлінген», — дейді Қ.Қарманов.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта елімізде өңдеуші салада шамамен 140 шетел инвесторы бар. Олар 6 млрд. долларға 150-ден астам жобаны жүзеге асырып, 20 мыңға тарта жұмыс орнын құрды. Инвестициялардың 60 пайызы Индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығында тартылған.

«ЮНКТАД жасаған бүкіләлемдік инвестициялық есеп бойынша, 2014 жылы әлемде тікелей шетел инвестициялар көлемі 16 пайызға төмендеген. Тікелей шетел инвестицияларының басым бөлігі Азиядағы дамушы елдерге бағытталуда. Инвестиция тартуда Қытай, Гонконг алға шықса, әлемнің басқа бөлігінде АҚШ көшбасшы атанып отыр. ЮНКТАД берген ақпаратқа сәйкес, Қазақстан дамушы елдер арасында 16-орында, ал әлем бойынша 28-орында тұр», — деп атап өтті ол. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button