10 желтоқсаннан бастап Атырау облысында жаңа қаулы күшіне енеді
Атап айтсақ, Атырау облысының бас санитар дәрігері балалар ертеңгілігін өткізуге тыйым салды.
Тұрақты эпидемиологиялық ахуалды сақтау және мереке күндері қарсаңында Атырау облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 а тармақпен толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:
1а. Барлық меншік түріндегі ұйымдарға, йкәсіпорындарға мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, орта және жоғары білім беру ұйымдарына:
— көпшілік іс-шаралар (ертеңгіліктер, мәдени, тәрбиелік, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т.б.) өткізуге тыйым салынсын;