1 шілдеден бастап кімдердің жалақысы өседі?
Atr.kz/22 мамыр, 2019 жыл. Биыл 1 шілдеден бастап құқық қорғаушылардың жалақысы өседі.
Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди органдарды оңтайландырудың нәтижесін жариялады. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін мыңдаған басшылық қызмет оңтайландырылған. Соның нәтижесінде ішкі істер органдардың штаты 11 процентке қысқарып отыр. Алайда қысқартуға түскен қызметкерлер құқық қорғау органдарынан өз еркімен кеткен адамдардың орнына жұмысқа тұруға мүмкіндік алды.
«Құқық қорғаушының мәртебесін көтеру үшін біз жалақыны көтеріп жатырмыз. Мәселен, қысқартудың нәтижесінде шамамен 16 миллиард теңге үнемделіп отыр. Оған қоса, үкімет бізге 20 миллиард бөліп отыр. Мұның бәрі 1 шілдеден бастап жалақыны көтеруге мүмкіндік береді», — деді Алексей Калайчиди.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, патрульдік полицияның айлығы 60 процентке көтерілсе, шұғыл тергеу қызметкерлердің жалақысы 50 процентке өседі. Ал учаскелік инспекторлардың еңбекақысы 25 процентке артады. Қалған қызметкерлердің жалақысы 20 процентке өседі деген жоспар бар.