Жарнама
Жаңалықтар

1 сәуірден бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?

Елімізде 1 сәуірден бастап бірнеше маңызды өзгеріс енгізілді. Бұл жаңашылдықтар көлік иелеріне, мопед жүргізушілеріне, ата-аналарға және еңбекке жарамсыздық қағазын рәсімдеушілерге тікелей қатысты.

Көлік салығын төлемегендерге айыппұл салынады
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, көлік салығын төлемеген азаматтарға алдымен хабарлама жіберіледі. Осы хабарламадан кейін 30 жұмыс күні ішінде қарыз өтелмесе, сот орындаушылары есепшоттарды бұғаттап, мүлікке тыйым салуы мүмкін.

Мопедтерді тіркеу міндеттеледі
5 сәуірден бастап барлық мопедтер мемлекеттік тіркеуге қойылуы керек. Сонымен қатар, A1, A немесе B санатындағы жүргізуші куәлігі жоқ азаматтар мопедті жүргізе алмайды.

Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталды
Биыл мектепке баратын балалардың ата-аналары 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін құжат тапсыра алады. Өтініштер электронды үкімет порталы немесе тікелей мектептер арқылы қабылданады.

Еңбекке жарамсыздық қағаздары цифрлық форматқа көшті
1 сәуірден бастап еңбекке жарамсыздық парағы қағаз түрінде берілмейді. Барлық мәліметтер цифрлық форматта рәсімделіп, жұмыс берушілерге электронды түрде жіберіледі.

Бек АЙДАРӘЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button