Жарнама
ЖаңалықтарИнфрақұрылым

Энергия тапшылығын жоюдың ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Арнайы экономикалық аймақта шағын кәсіпкерлерге электрқуаты жетіспейді. Бүгінде газ-химия бағытындағы 12 бизнеснысанын электрмен толықтай қамтамасыз ету үшін 20 мегаваттэлектр қуаты қажет. Ал осы мәселені шешу үшін қосалқыстанциялар салу керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарыДүйсенбай Тұрғанов пен Әділ Жұбановтың «КUS» электр өндірустанциясына сапарында атап айтылды.

whatsapp image 2025 07 17 at 18.00.34

Өңірдегі арнайы экономикалық аймақты жарықпен қамтамасыз ету үшін салынған «KUS» станциясынан қазір КРІ зауыты толықтай қуат алып отыр. Мұнда іргелі жобалар салынуына байланысты болашақта 180 мегаваттық үлкен станция салу жоспарланған. «KUS» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Руслан Каликовтың айтуынша, ол «Силлено» полиэтилен зауыты, бутади-
ен және шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын жарықпен қамтамасыз ету үшін қажет. Бүгінде 165 мегаваттық станция үшін техникалық экономикалық негіздеме жасақталып, сараптамадан өткен.
– Қосалқы станцияларға жоба жасақталған кезде шағын және орта бизнес нысандары қарастырылмаған. Олар соңғы жылдары пайда болды. Қазір біз кәсіпкерлік нысандарын 165 мегаваттыққа қосып, бөлек қосалқы станция салуды жоспарлап отырмыз. Қаржыландыру
мәселесі шешілсе, 2028-2029 жылдарға қарай аяқталмақ. Әзірге қосалқы станция салынғанша басқа энергия көзіне қосатын ойымыз бар. Бірақ оған қайта жаңғырту жұмыстары керек. Трансформаторды ауыстыру қажет. Бизнес иелерінің сұранысына біз осындай ұсыныс айттық. Қазір арнайы экономикалық аймақта 37 мегаватты КРІ-ға, 3 мегаватты тағы бір кәсіпорынға, 2 мегаватты полимер өндірісіне, қалғанын бірыңғай сатып алушыға беріп отырмыз, — деді Руслан Каликов.
Депутат Дүйсенбай Тұрғановтың айтуынша, халық қалаулыларына шағын бизнес иелері жарық жеткіліксіздігін айтып өтініш
білдірген.
– Электр өндірушілер 165 мегаваттық бос қуат бар екенін, соған қосатынын айтты. Мәселе шешімін тапқан секілді. Өткен жылы «KUS»-тың қоршаған ортаға шығарылған эмиссиялары лимиттен асып
кеткені белгілі болды. Олар жоба жасалған кезде дұрыс есептелмегенін айтты. Бүгінде олар жоба жасаған құрылымды сотқа берген, айыппұлдарын өтеген. Қосалқы станцияның құрылысына 1,1 млрд. теңгедей қаражат керек екен. Біз оның шешілуіне қолдау білдіреміз. Негізі «KUS»-тың қуаты
– 310 мегаватт. Қазір соның 50 мегаваттан астамы ғана қолданыста екен. Қалғанын жарату үшін қосалқы станциялар керек,- деді ол.
Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов атап айтқандай, өңірде газ-химия кешенін дамытуға ниет білдірген кәсіпкерлер жеткілікті. Алайда инфрақұрылым толықтай жасақталмағаннан соң олар өнім
шығара алмай отырған көрінеді. Яғни, арнайы экономикалық аймақта шикізат көзі
болғанымен, одан жаңа тауар өндіру үшін электр энергиясы керек.
– Атырау облысының күрделі мәселелерін анықтап, кәсіпорын иелерімен
кездестік. Жұмысымен таныстық. Бұған дейін шағын және орта бизнес өкілдері
шағымдарын айтқан. Шын мәнінде, үлкен мәселені шешуге болады. Біз зауыт,
кәсіпорындармен қатар, шағын және орта бизнесті де дамытуға жұмыстануымыз ке-
рек. Бірнеше жылдан бері кәсіпкерлеріміз осынау проблеманы көтеріп жүр. Ол өнім
өндіруге де кедергі. Сондықтан біз қосалқы станцияларды резервпен салдыруға ұсыныс
бердік. Қуантарлығы, «KUS» заманауи технологиялар арқылы суды қайта өңдеп
отыр,-деді Әділ Жұбанов.

Айбөпе САБЫРОВА,
суреттерді түсірген
Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button