Жарнама
Жаңалықтар

Энергетика министрлігіне жаңа функциялар қосылды

Үкімет 2025 жылғы 21 сәуірдегі қаулысымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ережеге толықтырулар енгізді, — деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоға келесі функциялар қосылды:

  • сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесін келісу, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
  • Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтерді ұсыну.

Ал 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Энергетика министрлігі:

  • Мемлекеттік басқарудың реттелетін салаларында тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын биржалық тауарлармен сауда-саттыққа мониторинг жүргізу;
  • сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін биржалық тауарлардың тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келісу.

Қаулы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілетін нормаларды қоспағанда, 2025 жылғы 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button