Табиғат сақшыларына – лайықты құрмет

Tabi at sa shyilaryina layyi tyi rmet Жаңалықтар

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күніне орай салтанатты жиын өтті. Кәсіби мереке иелері мен сала ардагерлерін  облыс әкімнің орынбасары Әлібек Нәутиев құттықтады.

Табиғат сақшыларына – лайықты құрмет

Қай кезде де қоршаған ортаны қорғау, табиғаттың тазалығы мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау, бұл салада талап-ережелердің орындалуын қамтамасыз ету – басты мақсат. Бұл іске атсалысу – баршамыздың  азаматтық борышымыз, – деді Әлібек Ибатоллаұлы.

Биыл осы саладағы мемлекеттік органдардың құрылғанына отыз жыл толып отыр. Соған байланысты әр кезеңде абыройлы қызмет атқарған еңбек ардагерлерінің бір тобы «Экология саласына – 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен бірге, кәсіби мереке иелерінің бір тобына облыс әкімінің Алғыс хаты тапсырылды.

Бұдан бөлек, облыстық мәслихаттың хатшысы Өмірзақ Зинуллин жемісті қызметімен көрініп жүрген эколог-мамандарға Алғыс хат табыс етті. Оған қоса, бір топ табиғат сақшысы  Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы мен «Экология саласының үздігі» төсбелгісін иеленді.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз