Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Электр бағанасына соғылып, оқиға орнынан тайып тұрды

14 ақпан күні сағат 11:10 шамасында 102 операторына 77 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, көше бойында орналасқан тұрған электр бағанасына түнгі уақытта белгісіз автокөлік соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалғаны жөнінде хабарлама берген.

Хабарламаны тексеру барысында, Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен автокөлікті анықтау мақсатында, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде, 14 ақпан күні сағат 05:20 шамасында электр бағанасына соқтығыс жасап оқиға орнынан кетіп қалған маркасы “Ваз 2114” автокөлігінің 23 жастағы әйел жүргізушісі  екендігі анықталды.

Аталған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлімімен (көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылыс жайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) және 611 бабының 2 бөлімімен (жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін  сотқа жолданды.

Айта кетейік, жыл басынан бері қала аумағында электр бағаналарына соқтығысу бойынша 10 факті тіркелген, соның ішінде 4 факті бойынша жүргізушілер ІІО-на хабарламай оқиға орнынан кетіп қалған.

img 20210223 wa0088

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button