№ 3 халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында жөндеу жұмыстары басталды

64521 Жаңалықтар

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті хабарлайды.

Атырау қаласының Азаттық көшесі 96 Б мекенжайында орналасқан № 3 халыққа қызмет көрсету орталығы  ғимаратында жөндеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты, ХҚО мамандары уақытша «Нұрсая» шағынауданындағы ауданы Әбілхайыр Хан даңғылы 66 мекенжайында орналасқан № 1 ХҚО ғимаратына көшеді.

Егер сіз № 3 ХҚО-ға бұған дейін құжаттар тапсырсаңыз, дайын болған құжаттарды сол ғимараттың 2-қабатынан ала аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз