Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы Атырау облысының басшылығымен кездесті

whatsapp image 2021 10 01 at 16.41.19 Жаңалықтар

«Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков Еуропалық Энергетикалық хартиясының Бас хатшысы Урбан Руснакпен кездесті»,-деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесу барысында энергетика саласындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Серік Айдарбеков мұнай-газ және энергетика салаларына инвестициялар тартуға мүдделі екенін білдірген Урбан Руснакқа ризашылығын білдірді және Атырау облысының әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Айдарбеков өңірдің экономикалық әлеуетімен, соның ішінде, мұнай-газ және энергетика саласындағы перспективалармен таныстырды, инвестициялық мүмкіндіктер туралы және инвесторларға қолайлы жағдай жасалып жатқаны жөнінде хабардар қылды. Соның ішінде, «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» еркін экономикалық аймағының инвестициялық әлеуетімен таныстырып, бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.
Өз кезегінде, Еуропалық Энергетикалық хартиясының Бас хатшысы Урбан Руснак Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан маңызды роль атқарып отырғанын атап өтіп, ұйымның біздің елімізден қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.
«Мен Энергетикалық Хартия ұйымы мен Қазақстан арасындағы қатынастарды дамыту үшін мұнайлы астана Атырауға арнайы келдім. Батыс өңірі – ел экономикасының тірегі болып отырған Қазақстан мұнайының отаны.
Энергетика саласындағы инвестициялардың нәтижесі он жылдан кейін, одан да ұзақ мерзімнен кейін көрінеді. Біз облыс басшылығымен арадағы сұхбатта алдағы жобалар туралы талқыладық »,-деді өз сұхбатында Урбан Руснак.
Айта кетейік, Еуропалық Энергетикалық хартия – Шығыс пен Батыс арасындағы энергетикалық қарым-қатынасты ынталандыруға бағытталған саяси декларация. Бұл құжатқа Қазақстан Республикасы да қол қойған.

whatsapp image 2021 10 01 at 16.41.20
whatsapp image 2021 10 01 at 16.41.18
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз