ЭКСКЛЮЗИВ: «Әкемнің мұрасы – рухани азық»
Қошалақтың қоңыр ұлы Жұмекен ақынның қарапайым ғана тұрмысы оның адалдығын, елін сүйген ерен қасиеттерін байқатқандай. Біз Атыраудағы шараға арнайы келген ақынның үлкен қызы Әйкен апамен жолығып, әңгіме-дүкен құрғанбыз. Біртуар ақынның өмірдегі басты қасиеттері жөнінде оқырман біле жүрсін деген ниетпен бірнеше сұраққа жауап беруін өтінген едік.
– Әйкен Жұмекенқызы, әкеңіздің қандай адами қасиеттерін ерекше бағалайсыз? Әңгімемізді осыдан бастасақ…
– Ә к е м ө т е қ а с и е т т і а д а м б ол ат ы н . Ө з і н е т ә н қарапайымдылығымен өзгелерден ерекше болып көрінетін. Мақтану, көлгірсу, менмендік – әкеме жат қасиеттер. Жаны адал, ақкөңіл, өте еңбекқор еді. Жан-жағына жақсы адамдарды ғана топтастыра білді. Әсіресе, адамгершілік қасиетті бәрінен жоғары бағалап, өзіне де, өзгелерге де қатаң талап қойды. Қашан да адами қасиеттен таймау қажеттігіне баса мән берді. «Сені іздедім, ақиқат, Сені іздедім, шындық» деп жырлауының да мәні осында. Сөздің құдіретіне ерекш е м ә н б е р д і . О н ы ң құндылығының төмендеп бара жатқанына қатты налитын.
– Шайырдың шығармалары бүгінде өз деңгейінде зерттелді ме? Әлі де талданбаған тың дүниелері бар ма?
– Бірқат ары зерттелді. Оның оқырманға жеткен 1207 өлеңі бар. Философ Ғарифолла Есім оның поэзиясы арқылы ойшылдығын зерттеді, бұл тақырып әлі де талданып жатыр. Әкем қарапайым сөзбен өте күрделі дүниелерді жаза білген. Оның жырға арқау еткен ақ пен қарасын ажырата білу үшін зерттеуші-ғалымға үлкен ойшылдық қажет. Сондықтан, оның шығармаларын тереңнен үңіліп оқи түскен жөн.
Сондай-ақ, оның күйшілік ө н е р і н і ң д е т е р е ң н е н з е р т т е л г е н і н қ а л а й м ы н . Өйткені, ол төрт жыл конс е р в а т о р и я д а к ү й ш і л і к мамандығында оқыды ғой. Оның есте сақтау қабілеті жоғары еді. Бір естіген күйдің әуенін бұзбастан жаттап алып, сол бойда скрипкада немесе мандолинада өзгеріссіз ойнай білді. Күйді ерекше түсінетін. Тіпті, Құрманғазы, Д ә у л е т к е р е й , Д и н а н ы ң к ү й л е р і н з е рт т е п ж а з ғ а н дүниелері де бар. Ә к е м н і ң ж е т і т о м д ы қ шығармалар жинағы жарыққа ш ы қ т ы . А л д а ғ ы у а қ ы т т а қолжазбаларын жинақтап, тағы бір топтаманы жарыққа шығару жоспарда бар. Қазір анамның қалдырып кеткен құжаттарын зерделеп жатырмыз. Аса мән бермеген екенбіз, әкемнен қалған мұра өте көп екен. Мұның барлығы – ұлтқа рухани азық.
– Жыр жампозына орнатылған кеудемүсін көңілден шықты ма?
– Әрине, бұл мүсін білім ұясына ерекше реңк беріп, оның салмағын одан әрі арттырып тұрғандай. Мектеп ауласына кірген сәтте ақынның жымиып, жүзінде жылулық төгіліп т ұ р ғ а н бе й н е с і қ а р с ы л ап алғаны қандай ғанибет?!
– Әулетте әке жолын жалғаған ұрпақтары бар ма?
– Ол дәуірдің заңдылығы солай болды ғой. Бірақ әкем марқұм бізден орыс сыныбында оқысақ та, үйде қазақша ғана сөйлеуді қатаң талап ететін. Жазу-сызуда бізге жоғары талғаммен қарады. Алайда, біз қанша тырыссақ та, оның деңгейінде жаза алмаймыз. Тек кенже сіңлім Саида – әдебиеттанушы. Қалғанымыз математика, программалау, экономика саласын таңдадық.
– Сіз ата-анаңыздың тұңғышысыз . Сізді «ақылшым, сүйенішім» деп ерекше бағалаған екен…
– Иә, мен баланың үлкені болған соң ба, әкем маған көбірек сенім артты. Алайда, мен оған қаншалықты қолқанат бола алдым, оны білмеймін. Үйде де қызмет етіп, жазусызумен айналысады. Жазған дүниелерін баспаға жіберерде маған жол санын есептететін. Мен ол кезде мектепте жоғары сыныпта оқыдым. Біздің үйден бір сәтке де қонақ арылған емес. Анам әкемнің меймандарын күтіп, бос уақыты бола бермейді. Сондай кездерде мен өзімнен кейінгі бауырларыма қамқор болдым.
– Ақын адамның бос уақыты бола бермеген шығар. Дегенмен, қолы боста әуестенген хоббиі болды ма?
– Әкем шебер болды. Маған еңбек сабағынан берілген тапсырма бойынша қолөнер бұйымдарын жасаудан тартынбайтын. Тіпті, кейде анамның қолынан келмейтін дүниелерді жасап шығаратын. Әсіресе, домбырада күй шерту – оның негізгі хоббиі. Жазу-сызудан қолы бо сай қалса, үйдің ішін күй күмбірі кернеп кетуші еді. Есіме түскенде, сол сәттерді қатты сағынып кетемін…
– Әкеңіздің достары, олармен қарым-қатынасы туралы ой бөліссеңіз…
– Әкемнің достары өте көп. Үйден қонақ арылмай, отбасында өзіміз оңаша болған күндердің өте аз болуы оның көпшілдігінің куәсіндей. Сол кезде біздің үйде Әбіш Кекілбаев, Асқар Сүлейменов, Сайын Мұратбеков, Қалихан Ысқақов, Марал Ысқақбаев, Темірхан Медетбеков, Есенжол Домбаев, Жұматай Жақыпбаев, А я н Н ы с а н а л и н , М а р а т Отаралиевтер жиі қонақ болатын. Қазір ойласам, олардың бәрі бір дәуірдің түлектері екен. Оның үстіне, пікірұстанымдары, көзқарастары бір адамдар екен ғой. Бәрі де қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері атанды.
– Тартымды әңгімеңіз үшін бек рахмет!
Сұхбаттасқан: Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА
Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ