WhatsApp Image 2019 06 09 at 13.47.01

Əскерилер зор ынтамен дауыс берді (+ФОТО)

Айбын Жаңалықтар Саясат ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/9 маусым, 2019 жыл. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының əскери қызметшілері мен олардың отбасылары Президент сайлауына белсене араласып, жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-де дауыс беруді аяқтады.

Атырау магистральдік-желілік бөлімшесінде орналасқан N 51 сайлау учаскесінде 41321 əскери бөлімшесінің сарбаздары ең бірінші болып таңдауларын жасады. Сайлау қосынында кездескен капитан Рүстем Игісіновтың айтуынша, əскерилер аталмыш шараның маңызы мен жауапкершілігін ұғынады. «Гарнизонның əскери қызметшілері тұрғылықты жері бойынша дауыс беруде. Ал, 1500-дей мерзімдік қызметтегі сарбаздар сайлауға тұңғыш рет қатысқалы тұр» дейді Рүстем Серікұлы.


Біз де конституциялық құқын бірінші рет орындағандардың бірі Санжар Əділбаевты сөзге тарттық. «Мен көктемгі шақырылымда Алматыдан келген қатардағы жауынгермін. Осы сайлауда, біздер тек қана еліміздің Президентімен қатар, Қарулы Күштердің Жоғары қолбасшысын сайлаудамыз. Сондықтан мен, елімнің болашағы үшін дұрыс шешім қабылдайтыныма сенімдімін» деген Санжар дауыс беру кабинасына қарай жүрді.

WhatsApp Image 2019 06 09 at 13.48.24


Ал, келесі бас сұққан N 29 сайлау учаскесінде 41433 əскери бөлімінің 2-сыныпты сержанты Бағдат Байсеріковтың бірінші болып бюллетеньді урнаға салғанын білдік.


Аталған сайлау учаскесінде Отан алдындағы əскери борышын өтеп жүрген сарбаздар да баршылық екен. Олардың кейбірі қобалжыған түр танытса, енді бірі – болашағы үшін дауыс беріп жатқанын қуана қабылдады. Сарбаздар бірауыздан «Болашаққа үлес қосу – үлкен жауапкершілік болғандықтан бүгін дұрыс таңдау жасадық» деген лебіздерін жеткізді.


Иə, бұл күні біз де өз таңдауымызды жасадық. Ал, келешегі үшін қадам басқан əр сайлаушы мұны азаматтық парызы, конституциялық міндеті екенін жете түсінгендей. Сол себептен біз барған сайлау учаскесіндегі жұмыс ешбір ескертусіз өтіп жатты. Бұл туралы дауыс беру процесін қадағалап отырған байқаушылар да айтты.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

WhatsApp Image 2019 06 09 at 13.48.25
WhatsApp Image 2019 06 09 at 13.48.24 1 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған