Атырауға аула клубтары ауадай қажет

Атырауға аула клубтары қажет Жаңалықтар

«Нұр белес» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Салтанат Өтебайқызы Нұрсаядағы №11 үйдің төменгі қабатынан «Достық» аула клубын ашқан.

Атырауға аула клубтары қажет

Үш бөлмелі орталықта 7-29 жас аралығында 400-ге жуық тұрғын күн сайын сағат 10.00-21.30 аралығында уақыттарын тиімді өткізеді. Нұрсаялықтардан бөлек, Балықшы, Жұмыскер елдімекендерінен келетіндер де көп. Мұнда гитара, баян, қолданбалы өнер, спорт, ағылшын тілі және басқа да үйірмелер тегін қызмет атқарады. Клуб жұмысы 22 маусым мен 20 желтоқсанға дейін жоспарланған. Салтанат сол жұмысты келесі жылы да жалғастырып, аула клубтарының санын көбейткісі келетінін айтады.

Атырауға аула клубтары қажет 2

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суретті түсірген автор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз