ЖОҒАЛҒАН АТЫРАУЛЫҚТАР ТАБЫЛДЫ… (+видео)

screenshot 20220413 013905 БЕЙНЕЖАЗБА

Мақат ауданында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды.

Видео:

https://youtube.com/shorts/z8i6wSpc1lw?feature=share

12 сәуірде сағат 08.00-ден бастап Мақат ауданында төрт адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Олар 11 сәуірде сағат 21.00-де Мақат ауданының Доссор кентінен Қызылқоға ауданына қарай «Toyota Prado» маркалы автокөлігімен кетіп, қайтып оралмаған.

Сағат 16.00-де жоғалып кеткен адамдар Жаңақұдық учаскесінен табылды. Балшықта батып қалған автокөлік таза учаскеге шығарылды. Медициналық көмек керек емес.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз