#Birgemiz: Су жаңа бейнебаян көрерменге жол тартты (+ВИДЕО)

snimok 10 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/24 наурыз, 2020 жыл. Әнші Ибрагим Ескендірдің #Birgemiz үндеуіне орай шығарған әніне бейнебаян түсірілді.

https://www.youtube.com/watch?v=lyuJoYcLb-A&feature=emb_logo

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

«Ел басына күн туғанда Президентіміз халқымыздың саулығын ойлап, төтенше жағдай жариялады. Жағдайды жеке бақылауында ұстап отыр. Елбасымыз ел кәсіпкерлерлерін біріктіріп «Біргеміз» қорын құрды, мемлекетшілдік сананы күшейтіп, ынтымақтасуға шақырды. Дәл осындай сын сағатта жұрттың жұдырықтай жұмылуы, ұлттың мығым бірлігі ғана бізді қиындықтан алып шығады. Яғни, біз сөзде де, істе де татулық танытып, бірге екендігімізді өзімізге дәлелдегенде ғана мықты мемлекет, ұлы ұлт боламыз», деп жазды әнші Ибрагим Ескендір Instagram -дағы парақшасында.

Оның айтуынша, осы идеяны ту еткен туынды «Біргеміз» деп аталады. Әнін Ибрагим Ескендір, сөзін Сырым Әуезхан жазған. Орындаушы Ибрагим Ескендірдің өзі.

«Қазақты көргім келеді» әніне клип түсірген «Хабар» агенттігі еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен аз ғана күннің ішінде су жаңа «Біргеміз» әніне арнайы бейнебаян түсірді.

«Хабарлық шығармашылық топ: режиссері Нұрсерік Қамбар, қоюшы операторы Әлібек Әлиев, продюсері Әсел Тұрсынғазина», делінген хабарламада.

Бұған дейін әнші Ибрагим Ескендір #Birgemiz әнін шығарғанын хабарлаған едік.

«Atr-Ақпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/bishkekten-atyrauғa-oralғan-kimder-ekeni-belgili-boldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз