
БЕЙНЕЖАЗБАҚоғам
Қызылқоға тұрғындарына құтқарушылар көмектесуде… (+ВИДЕО)
Құтқарушылар Қызылқоға ауданының тұрғындарына көмек көрсетуде.
Қызылқоға ауданында Миялы-Қарабау-Индер тас жолы жырылғаннан кейін су деңгейі төмендеді.
Миялы ауылымын 6 ауылдық округімен байланыс үзілген жоқ. Шұғыл шаруалары бар тұрғындарды қайықпен өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін құтқарушылар 1885 адам, оның ішінде 52 бала, 3 сәби тасымалдады.
Сонымен қатар, елді мекендерге бағыт алған азық-түлік өнімдерін тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылуда. Аудандық полиция бөлімі қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарын жүргізуде.
«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»