Қайталанбас кадрлар: Елорда туралы ерекше ролик түсірілді (+ВИДЕО)
ҚР Президентінің Телерадиокешені Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай бейнеролик жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«1991 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев бүкілхалық сайлаған тәуелсіз мемлекеттің басшысы болды. ҚР Президентінің Телерадиокешені «Елбасы арманы – елорда» атты бейнероликті ұсынады», — делінген Телерадиокешеннің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Фильмде елорданың барлық қайталанбас сұлулығы құс ұшар биіктіктен ғажайып кадрларда бейнеленген. «Өз туындысының табысты боларына бір адам ғана сенді – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол кісіге жаңа қаланың пайда болу идеясы ғана емес, Қазақстан тәуелсіздігінің жылнамасындағы ұлттық мақтаныш пен жарқын беттерге айналған астананы салу ұмтылысы да тиесілі», — деп жазылған парақшада.