Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚұқық

Мас күйде көлік жүргізген жігіттің биі камераға түсіп қалды (+ВИДЕО)

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жедел басқару орталығының қызметкерлері 19 ақпанда сағат 03:20 шамасында мас жігіттің әуелі мейрамхана алдында билеп, кейін көлік жүргізгенін анықталған.

https://www.youtube.com/watch?v=OqH43snJDiI&feature=emb_logo

«Бағыттамаға сәйкес 10 минутта жеткен патрульдік полицейлер Азаттық даңғылындағы №124 үйдің тұсында «Toyota Estima» автокөлігін тоқтатты. Бұл көлік Армения Республикасында тіркелген. Көлік жүргізушісі – Қызылқоға ауданының 30 жастағы тұрғыны. Наркологиялық сараптаманың қорытындысымен жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды. Мас күйде рульге отырған жігіттің бұрын да осындай құқық бұзушылық үшін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды» — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Аталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол бергені үшін) қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button