Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарМәдениет

Балалар қуанған күн (+ВИДЕО, ФОТО)

Наурыз мейрамы Қайыршақты ауылдық округіндегі облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жалғасын тапты.

https://youtu.be/uMt_WHjt4RU

Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайына қарасты Ақжар ауылдық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары «Ұлы даланың ұлы мерекесі» атты мерекелік шара өткізді.

Өнерпаздар мерекелік шарада театрландырылған көрініс қойып, әсерлі өнерлерін ортаға салды.
Мерекелік шарада балалардың көңілін аулап, ерекше көңіл-сыйлағаны үшін облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева мәдениет үйінің ұжымына алғысын білдірді.

Шара соңында Ақжар ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Амангүл Искендирова сөз алып, балалар ауылының ұжымы мен балаларды мерекемен құттықтап, сый-сияпаттар ұсынды.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ
Фото, видео: автор

img 20220322 wa0179
img 20220323 wa0085

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button